Қазақстанда доллар бағамы қайта өсті

Фото: freepik
2026 жылғы 12 наурызда Қазақстан қор биржасы (KASE) алаңында шетел валюталары бойынша күндізгі сауда-саттық қорытындыланды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сауда нәтижесі бойынша доллардың орташа өлшенген бағамы 491,68 теңгені құрады. Осылайша, америкалық валюта 2,06 теңгеге қымбаттады.

Ал ресейлік рубльдің бағамы 6,17 теңгеге дейін төмендеп, 0,04 теңгеге арзандады. Қытай юанінің бағамы керісінше 71,48 теңгеге жетіп, 0,06 теңгеге өсті.

Айырбастау пункттерінде долларды 491,3–493,3 теңге аралығында сатып алып, сатып жатыр. Еуро 567,6–573,4 теңге шамасында саудаланса, рубльдің бағасы 6,17–6,29 теңге аралығында.

Сонымен қатар әлемдік мұнай бағасы да өсіп жатыр. ICE Futures Europe электронды саудасында Brent маркалы мұнайдың мамыр айына арналған фьючерстері 6,32%-ға қымбаттап, барреліне 97,79 доллар болды.

Ал New York Mercantile Exchange (NYMEX) алаңындағы WTI маркалы мұнайдың сәуір фьючерстері 5,46%-ға өсіп, барреліне 92,01 долларды құрады.

Бұған дейін Қазақстан Ұлттық банкі 12 наурызға арналған ресми бағамды белгілеген болатын. Оған сәйкес, доллар 489,39 теңге, еуро 567,99 теңге, ал рубль 6,19 теңге деңгейінде бекітілген.

Қазақстан
Шымкент
Алматы
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін