20 мамырдағы саудада доллар бағамы аздап төмендеді

Фото: Zakon.kz
2026 жылғы 20 мамыр күні сағат 15:30-да Қазақстан қор биржасы (KASE) алаңында шетел валюталары бойынша күндізгі сауда-саттық аяқталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сауда қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 471,77 теңгені құрады. Бұл алдыңғы бағамнан 0,32 теңгеге төмен.

Ресей рублінің бағамы керісінше өсіп, 6,65 теңгеге жетті (+0,02 теңге).

Ал юаньның орташа бағамы 69,20 теңге болып, 0,02 теңгеге арзандады.

Айырбастау пункттерінде доллар 471–473 теңгеден саудалануда, еуро 547–550 теңге аралығында, рубль 6,44–6,59 теңге шамасында саудаға түсуде.

Сонымен қатар, 20 мамырдағы сауда барысында әлемдік мұнай бағасы төмендеді.

ICE Futures электронды саудасында Brent маркалы мұнайдың шілде айындағы фьючерстері 2,11%-ға арзандап, барреліне 109,73 доллар болды.

Ал NYMEX биржасында WTI мұнайының шілде айындағы фьючерстері 1,53%-ға төмендеп, барреліне 102,78 долларды құрады.

Бұған дейін Ұлттық банк доллар бағамын – 471,93 теңге, еуроны – 548,43 теңге, рубльді – 6,61 теңге деп белгілеген болатын.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мобильді интернеттің дамуы: 5G желісін пайдалану қарқыны артты

Игорь Лепеха ішкі істер министрінің орынбасары лауазымынан босатылды

Биыл 595 мың теңге, 2027 жылы 770 мың теңге – жүктілік пен босануға байланысты төлем қалай есептеледі

Жалақы, қосымша төлемдер және даулы мәселелер бойынша мұғалімдер 1472 нөмірінен кеңес ала алады

Қазақстандық әйелдер 2026 және 2027 жылдары декретке шыққанда қанша төлем алады