Сауда қорытындысы бойынша доллардың орташа өлшенген бағамы 489,39 теңгені құрап, 2,16 теңгеге өсті.
Ресей рублінің бағамы төмендеп, 6,71 теңге болды.
Қытай юанінің күндізгі саудадағы бағамы 72,55 теңге болып, 0,49 теңгеге қымбаттады.
Айырбастау пункттерінде доллар 490–492,4 теңге аралығында сатып алынып-сатылып жатыр. Еуро 569,1–574,1 теңге, ал рубль 6,50–6,62 теңге деңгейінде.
Әлемдік мұнай бағасы да 17 маусымда өсім көрсетті.
Brent маркалы мұнайдың тамыз фьючерстері бір баррель үшін 79,32 доллар деңгейіне дейін көтерілді.
WTI мұнайының шілде фьючерстері де 0,64%-ға қымбаттап, 76,54 доллар болды.
Ал Ұлттық банк таңертеңгі бағамды доллар үшін 487,17 теңге, еуро үшін 565,65 теңге, рубль үшін 6,72 теңге деңгейінде белгіледі.