2026 жылғы шілде айында теңге бағамы қандай болады: экономистер болжамы

Фото: pexels
Қазақстанның валюта нарығы жаз ортасын ерекше жағдайда қарсы алып отыр. Бизнес өкілдері мен қарапайым азаматтарды алаңдатқан басты сұрақ – мұнай бағасы күрт төмендеп жатқан кезде теңге қазіргі позициясын сақтап қала ала ма. Zakon.kz тілшісі сарапшы көмегіне жүгініп, жағдайды саралап көрді.

Маусымдағы ерекше жағдай: теңге нарық заңдылығына қарамастан неге нығайды?

2026 жылғы 2 шілдедегі ресми доллар бағамы – 1 АҚШ доллары үшін 479,26 теңге. Ал халықаралық Forex нарығында доллар шамамен 476,6 теңгеден саудалануда. Сарапшылардың пікірінше, күн соңына дейін теңге долларға қатысты тағы да аздап нығаюы мүмкін.

USD/KZT бағамының өзгерісін түсіну үшін өткен айдың қорытындысына назар аудару қажет. Экономист Руслан Сұлтановтың айтуынша, маусым айы теңге үшін өте ерекше болды. Айдың басында доллар бағамы 489 теңгеден 493,2 теңгеге дейін күрт көтеріліп, нарыққа алаңдаушылық туғызды. Алайда бұл өсім ұзаққа созылмай, маусымның соңына қарай теңге қайта күшейіп, доллар бағамы 480,72 теңгеге дейін төмендеді. Осылайша, бір айдың ішінде теңге долларға қатысты 1,7%-ға нығайды, ал маусымдағы орташа бағам 487,9 теңгені құрады.

Руслан Сұлтанов бұл жағдай сыртқы факторларға қарамастан орын алғанын атап өтті. Өйткені әлемдік доллар индексі (DXY) өсті, Ресей рублі әлсіреді, ал Brent маркалы мұнайдың бағасы күрт құлдырады. Әдетте мұндай факторлар теңгенің әлсіреуіне себеп болатын еді.

"Сыртқы жағдай қолайсыз болды. Бірақ оны ішкі валюта сатылымдары, Ұлттық қордың операциялары және қатаң ақша-несие саясаты едәуір теңестірді", – деді Руслан Сұлтанов.

Рубль мен мұнай: сыртқы қысым күшейіп келеді

Сарапшылардың айтуынша, шілде айында теңгеге сыртқы қысым одан әрі күшеюі мүмкін.

Маусымда Ресей рублі 2022 жылдан бергі ең әлсіз нәтижесін көрсетіп, долларға шаққанда 9,4%-ға арзандады. Қазір 1 доллар шамамен 78 рубль тұрады. Кейбір сарапшылар 2026 жылдың соңына қарай доллар бағамы 87 рубльге дейін жетуі мүмкін деп болжап отыр.

Қор нарығының сарапшысы Андрей Смирновтың айтуынша, әзірге рубльді көктемдегі жоғары мұнай бағасының әсері ұстап тұр.

"Көктемдегі жоғары мұнай бағасының ықпалы валюта бағамына 1–2 ай кешігіп әсер етеді. Сондықтан рубль әзірге сол фактордың арқасында қолдау тауып отыр", – деді Андрей Смирнов.

Мұнай бағасының төмендеуі

Тағы бір маңызды фактор – мұнай нарығындағы жағдай.

Brent маркалы мұнайдың бір баррелі қазір шамамен 70 доллар тұрады. Бір айдың ішінде оның бағасы шамамен 28%-ға төмендеп, 100 доллар деңгейінен қазіргі көрсеткішке дейін түсті.

Қазақстандық мұнай-газ сарапшысы Олжас Байділдинов мұны Таяу Шығыстағы жағдайдың тұрақтануымен байланыстырады.

"Мұнай бағасы Иранға жасалған шабуылдарға дейінгі қалыпты деңгейіне қайта оралды. Егер жағдай тұрақты болып қалса, жыл соңына қарай Brent бағасы бір баррель үшін 60–65 долларға дейін түсуі мүмкін", – деді Олжас Байділдинов.

Салық кезеңі теңгеге қолдау көрсетуі мүмкін

Ұлттық банктің 2026 жылғы мамыр айындағы макроэкономикалық сауалнамасына сәйкес, биыл доллардың орташа бағамы 537 теңге болуы мүмкін.

Қазіргі бағам мен осы болжам арасындағы айырмашылық мемлекетке теңгені біртіндеп әлсірету арқылы бюджет кірісін арттыруға экономикалық мүмкіндік береді.

Қаржы сарапшысы Арсен Темірбаевтың пікірінше, шілденің бірінші жартысында доллар бағамы 476–483 теңге аралығында болады.

Ал айдың екінші жартысында салық төлеу кезеңі негізгі әсер туғызады.

20 шілдеге дейін ірі импорттаушылар Еуразиялық экономикалық одақ елдерінен импортталған тауарлар үшін ҚҚС пен акциз төлеуге қажетті валютаны сатып алады. Ал ең маңызды кезең – 27 шілдеге дейін корпоративтік табыс салығының (КТС) аванстық төлемдерін, сондай-ақ төлем көзінен ұсталатын корпоративтік және жеке табыс салықтарын төлеу мерзімі.

Осы кезде ірі экспорттаушылар мемлекетке миллиардтаған теңге аудару үшін KASE қор биржасында көп көлемде доллар сата бастайды. Бұл теңгеге уақытша қолдау көрсетіп, оның әлсіреу қарқынын баяулатуы мүмкін.

"Қаржы министрлігі үшін мұнайдың 70 доллар болуы алаңдататын жағдай емес. Себебі 60 доллардан жоғары бағаның бәрі бюджет үшін тиімді. Сондықтан Ұлттық банк теңгені жасанды түрде 480 теңгеден төмен ұстап тұру үшін алтын-валюта резервтерін жұмсамайды", – деді Арсен Темірбаев.

Ұлттық банк не дейді

Қазақстан Ұлттық банкі маусым айындағы ресми ақпаратында валюта нарығына тікелей интервенция жасамағанын мәлімдеді.

Соған қарамастан, нарықтағы тұрақтылық жоспарлы операциялар арқылы қамтамасыз етілді.

Атап айтқанда:

Ал шілде айында Ұлттық қордан 200–300 млн доллар көлемінде валюта сату жоспарланып отыр.

Сонымен қатар, үшінші тоқсан ішінде айна операциялары аясында шамамен 1,1 трлн теңгеге баламалы шетел валютасын сату көзделген.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда жаңа Конституция күшіне енді: өзгерістер хронологиясы

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеде күшіне енеді

Алматыда жедел жәрдем көлігі мен электрлі велосипед соқтығысып, бір адам қаза тапты

2026 жылғы ауқымды рақымшылық – Тоқаев заңға қол қойды

Конституциялық реформа жөніндегі комиссия құрамының тізімі жарияланды