Қазақстанда доллар бағамы өсті

Фото: freepik
Қазақстан қор биржасында (KASE) 2026 жылғы 19 тамызда сағат 15:30-да шетел валюталары бойынша күндізгі сауда-саттық аяқталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 1,88 теңгеге өсіп, 462,22 теңгені құрады.

Ресей рублінің бағамы 0,02 теңгеге төмендеп, 5,40 теңге болды.

Күндізгі сауда-саттықта Қытай юанінің бағамы 0,34 теңгеге өсіп, 68,50 теңгені құрады.

Ақша айырбастау орындарында доллар 462,29-464,31 теңгеден, еуро 532,98-538,04 теңгеден, рубль 5,26-5,41 теңгеден сатып алынып, сатылып жатыр.

Әлемдік нарықта мұнайдың негізгі маркалары қымбаттауын жалғастырды.

2026 жылғы 19 тамыздағы күндізгі сауда-саттық мәліметіне сәйкес, Brent маркалы мұнай бағасы 0,79%-ға өсіп, барреліне 92,08 долларды құрады. WTI маркалы мұнай 0,89%-ға қымбаттап, барреліне 85,93 доллардан сатылып жатыр.

Таңертең Ұлттық банк доллардың ресми бағамын 460,13 теңге, еуроны 532,6 теңге, рубльді 5,42 теңге деңгейінде белгіледі.

19 тамызда күннің бірінші жартысында Қазақстандағы ақша айырбастау орындарында шетел валютасы қандай бағамен сатып алынып, сатылғанын мына жерден көруге болады.

Қазақстан
Шымкент
Алматы
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекеттік тұрғын үй қорындағы баспананы жекешелендіру тәртібі өзгерді

Пробация инспекторлары ес-түссіз жатқан сотталған азаматтың өмірін сақтап қалды

TikTok-тағы тікелей эфир: Тараз тұрғыны бес тәулікке қамауға алынды

Еңбек кодексі: тамыз айында не өзгереді және жұмыс берушілер нені білуі керек

Қызметтік көлікпен әйелді қағып өлтіріп, қашып кеткен: Алматы облысындағы ХҚКО қызметкеріне қатысты дау