Oxu.Az сауда алаңындағы мәліметтерге сүйеніп жазуынша, Қазақстан уақытымен сағат 19:47-де алтын бағасы 3,98%-ға төмендеп, бір трой унциясы үшін 4149,3 долларды құрады.
Сағат 19:52-де фьючерс бағасы одан әрі төмендеп, 4145,9 долларға (-4,06%) түсті.
Осылайша, Comex биржасындағы алтын фьючерсінің бағасы бір трой унциясы үшін 4250 доллардан төмендеп, 5 тамыздан бергі ең төменгі деңгейге жетті.
Бұған дейін Қазақстанда қаржылық еркіндікке қалай қол жеткізуге болатыны туралы сарапшылардың үш стратегиясы жарияланған еді.