Кейс ҚМА әдіснамасы мен Freedom Банкінің технологияларын– дроптарға қарсы іс-қимыл платформасы AI-Compliance-ты біріктірудің нәтижесі болды.
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев өз сөздерінде Қазақстанның қаржы секторындағы қауіпсіздік шараларын күшейту және алаяқтықтың алдын алудың маңыздылығын бірнеше рет атап өткен. Мемлекет басшысы заңсыз капитал әкетілуі елдің экономикалық қауіпсіздігіне тікелей қауіп төндіретінін атап көрсететінін айта кету керек.
AI-Compliance цифрлық шешімін іске қосу және оған ҚМА-ның әдіснамалық негізін біріктіру арқасында Freedom Банкі дроп желілерін ең қысқа мерзімде анықтай алады.
"Бұл жай ғана банктің ішкі технологиялық жобасы емес. Біз зардап шеккендердің ақшасы криптовалютада түпкілікті жоғалып кетпей тұрып, алаяқтық схеманы тоқтатуға тырысатын жүйе құрдық. Біз ҚМА-мен бірлескен жұмысымыздың нәтижелерін нақты кейстерде көріп те отырмыз", – деп атап өтті Freedom Holding Corp. бас атқарушы директоры Тимур Турлов.
Сурет: Freedom банкі
Жобаны іске асыру барысында негізгі мақсат деректерді өңдеудің жылдамдығы мен ауқымы адамдарды алаяқтардан қорғаудың нақты құралына айналатын прецеденттер қалыптастыру болды. Күш-жігерді, мұқият пысықталған әдіснаманы және технологияларды табысты біріктіру кейсі елдегі қаржылық қылмысқа қарсы күрестің логикасын түбегейлі өзгертеді.
"Негізгі міндет күдікті операцияларды анықтау емес еді – нарықта мұндай шешімдер жеткілікті. Негізгі қиындық жылдамдықта болды: бұған дейін дроптарды анықтауға бірнеше ай кететін, ал бір кейсті қолмен талдаудың өзі шамамен бес сағат уақытты талап ететін. Біз дәлдікті жоғалтпай, бұл уақытты бірнеше минутқа дейін қысқартуды мақсат еттік. Нәтижесінде платформа әрбір күдікті кейс бойынша материалдарды өзі дайындайды, алайда түпкілікті шешімді әрдайым комплаенс-офицер қабылдайды. Бұл жерде жасанды интеллект адамды алмастырмайды, керісінше оған сол уақыт ішінде бірнеше есе көп кейсті өңдеуге мүмкіндік береді", – деп атап өтті Freedom Bank Директорлар кеңесінің мүшесі Айдос Жұмағұлов.
Осы жылдың маусым айында Тимур Турлов Жанат Элимановпен кездесуі барысында ҚР ҚМА мен Freedom Holding Corp. арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойған болатын. Құжат қаржылық мониторингтің цифрлық құралдарын жетілдіру, талдау және тәуекелге бағдарланған тәсілдерді дамыту, заманауи RegTech-шешімдерді енгізу, сондай-ақ осы саладағы мамандардың біліктілігін арттыруға бағытталған білім беру және сараптамалық бастамаларды іске асыру бойынша бірлескен жұмысты көздейтінін еске сала кетейік.
Анықтама:
Дроптар – қылмыстық жолмен алынған қаражатты шығару үшін өздерінің банк карталарын ұсынатын тұлғалар.