Ұлттық банк ерекше таңбасы бар жаңа монетаны айналымға шығарады

Сурет: Zakon.kz.
2026 жылғы 9 қазанда Қазақстан Ұлттық банкі "Қазақстанның жер қойнауы" монеталар сериясынан "Nb (ниобий)" коллекциялық монетасын айналымға шығарады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы ақша-кредит саясатын реттеуші органның баспасөз қызметі ресми хабарлады.

Коллекциялық монета туралы

Монета 925 сынамалы күмістен жасалған және ниобий ендірмесі бар. Жалпы салмағы – 32,8 грамм. Оның ішінде 925 сынамалы күмістің салмағы – 31,1 грамм, ал ниобий элементінің салмағы – 1,7 грамм.

Монетаның диаметрі – 38,61 мм. Дайындалу сапасы – proof, номиналы – 1 000 теңге. Жалпы таралымы – 1 000 дана.

Ниобий – атомдық нөмірі 41 болатын сирек металл. Ол металлургияда, электроникада, сондай-ақ аэроғарыш және атом өнеркәсібінде қолданылады. Металлдың атауы ежелгі грек мифологиясындағы Танталдың қызы Ниобаның есімінен шыққан.

Монетаның суреті

Сурет: Zakon.kz.

Ұлттық банк коллекциялық монеталардың Қазақстан аумағында барлық төлем түрлері бойынша өз номиналдық құнымен міндетті түрде қабылданатынын атап өтті. Сондай-ақ оларды еліміздің барлық банктерінде банк шоттарына есептеу, аудару, ұсақтау және айырбастау үшін пайдалануға болады.

Монеталар Қазақстан теңге сарайында дайындалған.

Коллекциялық монеталарды сату 2026 жылғы 12 қазаннан бастап Ұлттық банктің интернет-дүкені арқылы жүзеге асырылады.

Еске салайық, 2026 жылғы 31 тамызда Ұлттық банк "Қозы Көрпеш – Баян сұлу" коллекциялық монетасын айналымға шығаратынын хабарлаған болатын.

Қазақстан
ҚР Ұлттық Банкі

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін