Сауда қорытындысы бойынша доллардың орташа сараланған бағамы тағы 2,68 теңгеге төмендеп, 448,45 теңгені құрады.
Ресей рублінің бағамы 5,34 теңгеге дейін төмендеді (-0,02).
Қытай юанінің бағамы күндізгі саудада 66,49 теңгені құрады (-1,06).
Ақша айырбастау орындарында долларды сатып алу бағамы – 448,7 теңге, сату – 450,8 теңге. Еуроны сатып алу бағамы – 500,8 теңге, сату – 505,5 теңге. Рубльді сатып алу бағамы – 5,17 теңге, сату – 5,28 теңге.
13 қазанда әлемдік биржаларда мұнай бағасы да төмендеп жатыр.
Brent маркалы мұнай фьючерстері 1,2%-ға арзандап, барреліне 105,35 доллар болды.
Америкалық West Texas Intermediate (WTI) мұнайының бағасы 1,3%-ға төмендеп, барреліне 92,49 долларды құрады.
Таңертең Ұлттық банк доллардың ресми бағамын 451,31 теңге, еуроны 504,56 теңге, рубльді 5,36 теңге деп белгіледі.
13 қазанның бірінші жартысында Қазақстандағы ақша айырбастау орындарында шетел валюталары қандай бағамен сатып алынып, сатылғанын мына жерден көруге болады.