Мемлекеттік кірістер комитеті баспасөз қызметінің хабарлауынша, салық берешегі болған жағдайда жеке кәсіпкерлерге, жеке практикамен айналысатын тұлғаларға және заңды тұлғалардың бірінші басшыларына Қазақстан Республикасынан шығуға уақытша шектеу қойылмақ.
Онда да 27 000 АЕК-тен асатын берешек үш айдан астам уақыт өтелмесе, аталған шара күшіне енуі мүмкін.
Бұл шара тек соттың санкциясымен қолданылады.
Бұған дейін Қазақстанда жартылай асыл тасы бар жаңа монета айналымға шыққалы жатқаны хабарланған.