Сауда қорытындысы бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 453,87 теңгені құрады. Бұл алдыңғы көрсеткіштен 0,27 теңгеге жоғары.
Рубль бағамы 0,01 теңгеге төмендеп, 5,63 теңге болды.
Қытай юанінің күндізгі сауда-саттықтағы бағамы 68,21 теңгені құрады (+0,005).
Айырбастау пункттерінде долларды 452,8–454,7 теңгеден, еуроны 504–508 теңгеден, рубльді 5,36–5,47 теңгеден сатып алып, сатып жатыр.
30 қазанда әлемдік биржаларда мұнай бағасы да өсіп жатыр.
ICE Futures электрондық сауда-саттығында Brent маркалы мұнайдың қаңтар айындағы фьючерстері 1,92%-ға қымбаттап, барреліне 112,93 долларға жетті.
Ал NYMEX электрондық сауда-саттығында WTI маркалы мұнайдың желтоқсан айындағы фьючерстері 1,81%-ға өсіп, барреліне 103,95 доллар болды.
Таңертең Ұлттық банк доллардың ресми бағамын 453,71 теңге, еуроны 505,8 теңге, рубльді 5,63 теңге деңгейінде белгіледі.
Қазақстандық айырбастау пункттерінде 30 қазан күні түске дейін шетел валюталарының қандай бағамен сатылып, сатып алынғанын мына жерден көруге болады.