Қазақстанда доллар бағамы тағы төмендеді

Фото: Zakon.kz
2026 жылғы 5 қарашада сағат 15:30-да Қазақстан қор биржасында (KASE) шетел валюталары бойынша күндізгі сауда-саттық аяқталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сауда қорытындысы бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 451,87 теңгені құрады. Бұл алдыңғы көрсеткіштен 0,85 теңгеге төмен.

Ресей рублінің бағамы 0,03 теңгеге арзандап, 5,52 теңге болды.

Ал күндізгі сауда-саттықта Қытай юанінің бағамы 67,85 теңгені құрады. Бұл 0,028 теңгеге жоғары.

Айырбастау пункттерінде доллар 450,7-452,6 теңгеден, еуро 505,1-509,5 теңгеден, рубль 5,25-5,37 теңгеден сатып алынып, сатылып жатыр.

5 қарашада әлемдік биржаларда мұнай бағасы да төмендеді.

Атап айтқанда, Лондондағы ICE (InterContinental Exchange Futures) биржасында Brent маркалы мұнайдың бір баррелі 0,39 долларға арзандап, 94,23 доллар болды.

Нью-Йорктағы NYMEX (New York Mercantile Exchange) биржасында Light маркалы мұнайдың бір баррелі 0,80 долларға арзандап, 87,32 долларды құрады.

Таңертең Қазақстан Ұлттық банкі доллар бағамын 452,91 теңге, еуроны 509,43 теңге, рубльді 5,53 теңге деңгейінде белгіледі.

5 қараша күні күннің бірінші жартысында Қазақстанның айырбастау пункттерінде шетел валюталарының қандай бағамен сатып алынып, сатылғанын мына жерден көруге болады.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Нөсер жаңбыр жауып, үсік жүреді". Еліміз бойынша 5 қарашаға арналған ауа райы болжамы

Қазақстанда әскери билеттерді беру тәртібі өзгерді

5 қарашадағы Астана мен Алматыдағы айырбастау пункттеріндегі валюта бағамы

Ақтөбеде неке сарайында бұрынғы күйеуі пышақтап кеткен әйелдің екі баласы жетімдер үйіне орналастырылды

Павлодар облысында оқушы қыздар зорланған