Дәрігерлер коронавирусты емдеуде борсық майының тиімділігі бар-жоғын айтты

dary-prirody.su
Мамандардың айтуынша, халықтық ем-домның коронавирусты емдеуде тиімділігі туралы медициналық дәлелдемелік база жоқ.

Халықтық ем-дом коронавирус инфекциясын емдеуде көмектеседі ме, деген сауалға ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Ұлттық фтизиопульмонология орталығы директорының орынбасары Ләззат Ералиева жауап берді, деп хабарлайды zakon.kz тілшісі.

- Шындығында, халықтық медицинада, әрине, борсық пен аю майлары жиі қолданылады. Бірақ оның тиімділігін айғақтайтын тағы бір жағынан нақты дәлел жоқ. Бұл майларды, әсіресе кішкентай балалар ішке қабылдаса, коронавирустан айығып кетеді деп айта алмаймыз, бізде мұндай дәлелдемелік база жоқ. Сондықтан дәстүрлі медицинаны қолдану коронавирус ауруның жеңіл жүруіне көмектеседі деп кесіп айтуға болмайды, - деді Ләззат Ералиева ОКҚ брифингінде.

Айта кетейік, өткен тәулікте елімізде коронавирус инфекциясының 791 жаңа жағдайы тіркелді, ал одан ем алған 311 адам сауықты.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі