Дәрігер қарбызды артық жеу ағзаға қандай зиян келтіретінін айтты

pixabay.com
Айта кетсек, 3 тамыз - халықаралық қарбыз күні.

Диетологтар қарбызды артық жеудің қаупі туралы ескертті, деп хабарлайды zakon.kz.

Қауіп мөлшерге байланысты. Егер адам қант диабетіне, семіздікке шалдыққан болса, онда қарбызды шамадан артық тұтыну бірден бірнеше қауіп тудырады. Бұл - көп қант, көп су, - деді медицина ғылымдарының докторы,Михаил Гинзбург URA.RU-ға берген сұқбатында.

Дәрігер Наталья Круглованың айтуынша, шамадан тыс қарбыз адамның созылмалы ауруларын қоздыруы мүмкін.

Қандағы қант қалыптыдан жоғары болады. Әрине, мұндайда ең қиын дегенде гипогликемиялық кома орын алуы ықтимал, бірақ біз оған жеткізбеуге тырысуымыз керек, - деді Круглова.

Өз кезегінде Гинзбург қарбызды негізгі тағамнан кейін десерт ретінде қолдануға кеңес береді.

Круглова күніне 200-300 грамм қарбыз жеуге кеңес береді. Ол тәулігіне екі тілім қарбыз жеген дұрыс деп санайды.

Айта кетсек, 3 тамыз - халықаралық қарбыз күні.

Сапалы жемістің жолақтары айқын әрі ашық түсте болуы керек, сондай-ақ жерде жатқанын білдіретін ағарған белгісі болуы тиіс және сабағы кепкен болуын нақтылаа алу қажет.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі