ХҚКО-ға бармай-ақ жеке куәлік рәсімдеу: нені білу керек
Фото: gov4c.kz
"Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" КЕАҚ баспасөз қызметіне мүгедек балаға жеке куәлік ресімдеу тәртібі туралы сұрақ келіп түскен, деп хабарлайды Zakon.kz.
Азамат баласының I топтағы мүгедек екенін, сондықтан жеке куәлікті рәсімдеу үшін ХҚКО-ға келе алмайтындығын түсіндірді.
Мамандардың айтуынша, бұл жағдайда азаматтар көшпелі қызмет көрсету құқығын пайдалана алады.
Ол үшін клиент немесе оның қамқоршысы келесі рәсімдерді орындау керек:
- 1414 байланыс орталығына хабарласу;
- Көшпелі ХҚКО қызметі бойынша өтінім қалдыру;
- ХҚКО қызметкерлері байланыс орнатып, қызмет күні мен уақытын келіседі.
Бұған дейін 2026 жылғы 1 ақпаннан бастап қазақстандық жоғары оқу орындарының студенттері әскери кафедраға оқуға түсуге өтінішті eGov.kz порталы арқылы толық онлайн форматта бере алатындығын жазғанбыз.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript