Диетолог фас-фудты қалай дұрыс тұтыну керектігін айтты

Диетолог фаст-фудқа көкөністер қосылғаны жақсы екенін айтады, сондай-ақ қақталған еттің қабыршағын алып тастауды ұсынады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Диетолог Елена Соломатина фаст-фудтың қайсысы қауіпсіз екенін айтты, деп хабарлайды RT .

Фаст-фуд - бұл біздің тез тамақтануымызға жақсы әрі ыңғайлы. Бұл әртүрлі орамалар болуы мүмкін, ең бастысы, олардың жаңа піскен болуы маңызды. Фаст-фуд мейрамханаларында ұсынылатын соя соусынан бас тартқан дұрыс. Елена Соломатина

Ол пиццаны ең пайдалы фастфуд деп атайды. Дегенмен, ысталған шұжық, ірімшік, саңырауқұлақ және көп томат қолданғанынан аулақ болған жөн.

Картоп - үй жағдайында өсірілген болса, жақсы және оны көкөністермен бірге тұтынған жөн. Егер, шынымен де гамбургер жегіңіз келсе, онда тоқаштың орнына қара нан қолданып, көкөністерді көбірек қосқан дұрыс. Майонезді тұтынып қажеті жоқ, өйткені ол тым сапасыз нәрсе, әдетте фаст-фуд мекемелері сапасызын алады. Оның орнына томат тұздығы жақсы. Елена Соломатина

Маман қуырылған тауықтың сыртқы қабыршығын алып тастауды ұсынады. Сондай-ақ ол тамақты салқын сусындармен бірге тұтынуға қарсы.

Коктейльдер, сүт коктейльдері және кез келген салқын сусындар, әсіресе мұздалған болса, ол тағамның дұрыс қорытылуына жол бермейді. Елена Соломатина
Қызықты
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: