Үсік шалған кезде алғашқы көмекті қалай көрсету керек

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі қыс мезгілінде үсік шалып қалған жағдайда алғашқы көмекті қалай беруге болатыны туралы кеңес берді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Адамды үсік шалса, ең бірінші не істейміз?

Министрлік мамандарының кеңесіне сүйенсек, зардап шеккен адамды жылыту үшін оны жылы үй-жайға әкеліп, ыстық шай немесе сүт беру керек. Зақымданған аяқ-қолдарды жылы жапқышпен орау қажет.

"Егер үсік шалу шамалы болса, қолдың саусақтарын қолтықтың астына тығу арқылы жылытуға болады. Егер мұрынды үсік шалса, оны жылыту үшін қолдың жылуы жеткілікті. Бірақ терінің жылыған аймағының қайтадан тоңуына жол бермеңіз. Тін жиі қатып, жылынатын болса, соғұрлым зақымдануы мүмкін", - делінген Денсаулық сақтау министрлігінің Facebook-тегі хабарламасында.

Егер бетті немесе мұрынды үсік шалса, жылыту үшін оларды аязда ысқылауға, содан кейін зардап шеккен адамды үй-жайға апаруға болады.

Алғашқы көмек көрсетілгеннен кейін науқасты ауруханаға тез жеткізу керек. Себебі аздап үсік шалу да организмнің қорғану күшін төмендетеді.

Қазақстан Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: