"Қашпаңыздар!". Түрік құтқарушысы жер сілкінісі кезінде адамдар өзін қалай ұстау керектігін айтты

Сурет: видеодан алынды
Түрік құтқарушыларының бірі адамдардың жер сілкінісі кезінде өзін қалай ұстайтынын білмегенін айтып, зор өкініш білдірді. Ол, көбіне адамдардың денесін баспалдақ бойынан тауып алып жатқандарын айтып, қашып, дүрбелеңге салынудың жалпы дұрыс емес екенін жеткізді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Зілзала кезіндегі қорғаныс бойынша түрік құтқарушысының айтқан ақыл-кеңесінің видеосы әлеуметтік желіде жарияланды.

"Мен қазір үйінділер жанындамын, іздеу-құтқару жұмыстарын жалғастырып жатырмыз. Сіздерге мынаны айтқым келеді, жер сілкінісі кезінде өзіңіз отырған диван немесе төсек жанына ұзыннан жата қалыңыз, сонда аман қалу мүмкіндігі жоғары. Қашу - ең қауіптісі. Біз адамдардың денесін көбіне баспалдақ бойынан тауып жатырмыз. Өтінемін, қашпаңыздар", - дейді ол.

Оның айтуынша, көзге көрінген берік жерге шапшаң орналаса қойған жөн.

"Өзіңізбен міндетті түрде су мен аздап қанттың болғаны абзал. Қант көп уақыт шыдауға мүмкіндік береді. Сондай-ақ Сізді еститіндей қолыңызда зат болғаны дұрыс. Бұл - телефон, ысқырық, тағысын тағы. Уақыт өте келе адамның күші сарқылады, дем жетпейді. Осыны ұмытпаған жөн", - дейді құтқарушы оқиға орнынан.

Айта кетсек, Түркияда 6 ақпанда қатты жер сілкінісі болды. Күннен күнге қаза тапқандар саны артып келеді.

Түркия

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Шаңды дауыл, аптап ыстық, жаңбыр". Еліміздің басым бөлігінде дауылды ескерту жарияланды

Қасым-Жомарт Тоқаев: Ұлы Абайдың аманатына адал болайық!

Полиция төрт жыл бұрынғы кісі өлтіру қылмысының бетін ашты

Мемлекет басшысы еңбек заңнамасын жетілдіруді қарастыратын заңға қол қойды

Мемлекет бизнес бастауға ниетті кәсіпкерлерге 1,7 млн теңге үлестіруде: өтінімдерді қашан және қайда өткізеді