Қадір түні ұйықтамау шарт па

Сурет: Zakon.kz
Рамазан айында Қадір түнін барынша құлшылықпен өткізген дұрыс. Бірақ ұйықтамай өткізу шарт емес. Бұл туралы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы жазды, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Рамазан оразасына қатысты пәтуалар" кітабынан келтірілген дерекке сенсек, Айша анамыз: "Алла елшісі таң атқанша түнді (барлық бөлігін) намазбен өткізген емес" дейді.

Пайғамбарымыз (с.а.с) тағы бір хадисінде "Сендерге мына ай келді. Бұл айда мың айдан артық түн бар. Кімде-кім осы түннің жақсылығынан мақұрым қалса, жақсылық атауынан құр қалғаны. Оның жақсылығынан тек қана нағыз мақұрым адам ғана құр қалады" деген.

"Сондықтан мұсылман адам барынша осы түнді құлшылықпен өткізіп, сауаптан құр қалмауға тырысуы қажет. Ал шаршаса, кішкене тынығып, кейін ары қарай құлшылығын жалғастырудың оқасы жоқ", - делінген "Рамазан оразасына қатысты пәтуалар" кітабында.
Қазақстан
ҚМДБ

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты