Аурулардың айырмашылығы туралы дәрігер-терапевт Ирина Андреева түсініктеме берді.
"Ауру белгілерін (симптомдарын) нақты тізбектеп беру мүмкін емес. Сайып келгенде, тек коронавирус тесті немесе дәрігер анық-қанығын нақтылай алады. Алайда, айырмашылықтар, әрине бар, мысалы, ауру белгілерінің жиілігіне байланысты", - деп МедикФорум Андрееваның сөзін келтіреді.
Суық тию
Белгілері: мұрыннан су ағу, жөтел, тамақтың ауруы.
Сирек орын алатын тағы бір белгілері: жоғары температура немесе аса жоғары температура.
Инкубациялық кезеңі: инкубациялық кезең әр түрлі болуы мүмкін: екі күннен 14 күнге дейін.
Ұзақтығы мен жұқпалылығы: суық тию, әдетте бір апта бойында жұқпалы деп саналады.
COVID-19
Белгілері: жөтел, мұрыннан су ағу, тамақтың ауруы, дененің қызуы.
Сондай-ақ пайда болуы мүмкін тағы бір белгілері: бас ауруы, дененің ауыруы, жалпы әлсіздік, ентігу.
Сирек орын алатын тағы мынандай белгілер болуы мүмкін, мысалы: жүректің айнуы, іштің өтуі, яғни диарея, конъюнктивит, терінің бөртуі, лимфа түйіндерінің ісінуі.
Инкубациялық кезең: орташа есеппен 4-6 күн.
Ұзақтығы: аурудың жүру ұзақтығы оның ауырлығына байланысты.
"Аурудың жеңіл және орташа ауыр түрінің белгілері пайда болғаннан кейін 10 күннен соң жұқтыру қабілеті айтарлықтай төмендейді. Алайда, кейбір ауыр науқастарда ауру басталғаннан 8-15 күн өткеннен соң жағдайдың нашарлауы байқалады", – деп түсіндіреді Андреева.
Тұмау
Белгілері: Суық тию белгілері коронавирус инфекциясына ұқсас болғанымен, тұмаудың белгілері олардан айтарлықтай ерекшеленеді.
Тұмау белгілері: қалшылдау, бас ауруы және/немесе өне-бойдың ауруы.
Сондай-ақ тағы мынандай белгілер де көрініс табуы мүмкін: ауыз жаптырмайтын құрғақ жөтел, жалпы әлсіздік, тер басу, мұрыннан су ағу, жүректің айнуы, құсу, диарея.
Инкубациялық кезеңі: қысқа және орташа есеппен 1-2 күн.
Ұзақтығы және жұқпалылығы: аурудың ұзақтығы әдетте 5-7 күн. Алайда, ауру асқынған жағдайда науқастарда ауру белгілері пайда болғаннан кейін шамамен 3-10 күннен кейін нашарлау жиі кездеседі.
"Әсіресе егде жастағы адамдар қатты жапа шегеді. Тұмаумен ауыратын науқастарда аурудың алғашқы белгілері пайда болғаннан кейін бір апта бойында жұқпалылығы сақталады".