Тұз шахтасы несімен пайдалы

Сурет: pixabay
Галотерапия сеансы кезінде тұзды ауа қандағы оттегі мөлшерін арттырады, ағзаның инфекциялар мен вирустарға қарсы қорғанысын күшейтеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Тұз шахтасының, яғни галотерапияның ең пайдалы тұсы – ол тыныс алу жүйесін тазартады, деп жазады massaget.kz желілік басылымы.

Тұз шахтасына кірген адамның жасушалары пайдалы иондармен қанығады, өкпесінің жұмысы реттеліп, тыныс алу жолдарының микрофлорасы шаң мен зиянды бактериялардан тазарады.

Тұз шахтасының гайморит, фарингит, бронхит секілді ЛОР-аурулармен күресте пайдасы зор. Галотерапия жиі суық тиіп, ауыратын балалар мен ересектердің иммунитетін күшейтетіні дәлелденген.

Оған қоса, галотерапия теріге де пайдалы. Нақтырақ айтсақ, тұз шахтасындағы ауаның теріні жаңартып, нәрлендіретін қасиеті бар. Сондай-ақ, галотерапия жараның тез жазылуына да септігін тигізеді.

Тұз шахтасындағы тұздың ұсақ бөлшектері шаштың түбін нығайтып, шашыңызды жылтыратады.

Галотерапияның тағы бір пайдалы қасиеті – ол жүйке жүйесін тыныштандырып, күйзелістен арылуға көмектеседі.


Қызықты

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Жауын-шашын түсіп, көктайғақ болады". Дүйсенбіде еліміздің 17 өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Ұлытау облысында жыл басынан бері дрифт жасаған 14 көлік жүргізушісі жауапқа тартылды

1200-ден астам құқық бұзушылық: Астанада жаппай рейд жүріп жатыр

Оңтүстік Кореяның білім министрі ЖИИ-мен байланысты даудан кейін отставкаға кетті

Қазақстандық пара спортшы Малик Мұқашев таеквондодан әлем чемпионы атанды