Газмановтың тізесіндей тізеге ие болу үшін не істеу керек - мамандар кеңесі

Сурет: Instagram/oleggazmanov
Пермь Политехникалық университетінің химия және биотехнология кафедрасының доценті Сергей Солодников Олег Газманов сияқты тізеге ие болу үшін не істеу керектігін айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қыркүйек айының басында интернет желісінде ресейлік әртіс Олег Газмановтың би билеп жатқан видеосы тарады. Ол бейнеде 73 жастағы әнші өзінің сергек қимылымен және керемет физикалық дайындығымен жұртты таңғалдырды.

Бұл би желіде вирус секілді тез тарап, мыңдаған адам сол қимылдарды қайталап, пародиялар түсіре бастады.

Сонымен қатар, "Газмановтыкындей тізе керек" деген сөз де кең таралып, желіде танымал фразаға айналды.

Осы танымалдылық аясында ғалымдар "Газманов сияқты билеу үшін не істеу керек?" деген сұраққа жауап беруге тырысты. Сергей Солодниковтың айтуынша, тізенің мықты әрі икемді қалпын сақтау үшін жастайынан буындарға дұрыс күтім жасау қажет.

Маманның айтуынша, буын саулығының негізі жас кезде қаланады: жарақаттардан сақтану, қан тамырлары мен зат алмасу жүйесі ауруларын дер кезінде емдеу, сондай-ақ созылмалы дерттер кезінде ағзаны қолдап отыру маңызды. Тағамтану да маңызды рөл атқарады.

"Қызыл етті шамадан тыс тұтыну — буындарға зәр қышқылының тұздары жиналуына әкеліп, подагра ауруын туындатады. Ал дәнекер тіндерді нығайту үшін құрамында күкірт көп тағамдарды жеу керек — мысалы, брокколи, қырыққабат, пияз, сарымсақ. Олар — коллаген мен гликозаминогликандардың синтезіне қатысады, ал бұл заттар буындардың серпімділігі мен амортизациясына жауап береді", — деп түсіндірді Солодников "Газета.Ru" басылымына берген сұхбатында.

Салмақты бақылау да маңызды: артық салмақ тізеге үнемі қосымша күш түсіріп, шеміршектердің тозуын тездетеді. Бірақ салмақтың жетіспеуі де зиян — мұндайда буынды ұстап тұратын бұлшықет жүйесі әлсірейді.

Ең басты кеңес — үнемі физикалық белсенділікпен айналысу. Алайда Сергей Солодниковтың айтуынша, спорт пен дене шынықтыру бір нәрсе емес.

"Күшті физикалық жүктемелер, әсіресе секіруге негізделген спорт түрлері — мысалы, баскетбол немесе балет — буын беттеріне микрожарақат түсіреді. Жас кезде ағза мұны еңсереді, бірақ жасы ұлғайған сайын бұл өзгерістер буынның тозуына алып келеді. Арнайы препараттар да кейде буынды толық қалпына келтіре алмайды", — деп қосты ғалым.

Сондай-ақ буын саулығын сақтау үшін профилактикалық тексеруден өтіп тұру керек. Рентген сүйек тіндеріндегі өзгерістерді анықтауға көмектеседі, МРТ — менисктер мен байламдардағы зақымдарды көрсетеді, ал қан талдауы кальций, фосфор мен В тобы дәрумендерінің деңгейін анықтайды.

Ресей

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты