Перуашев Қазақстандағы орыс тілі мәселесін қаузаған ресейлік БАҚ-қа жауап берді

Сурет: Twitter/Peruashev
Депутат ресейлік авторлардың жақын әрі одақтас көршілерінің біріне қарсы мұндай шабуылдары контрпродуктивті деп санайтынын атап өтті.

Мәжіліс депутаты, "Ақ жол" партиясының төрағасы Қазақстандағы орыс тілі мәселесін қозғап, от қаузаушы ресейлік БАҚ-қа өз наразылығын білдірді, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Тағы бір кезекті мақаланы ("Орыстардың тынысы тарылды" (?!) Газета.ру сайты жариялады", - деп жазды депутат Telegram- арнасында.

Маған бірқатар сауал жолдаған ардақты басылымға қал-қадірімше қысқа-нұсқа жауап беруге тырыстым (алайда кейбіреуін жауапсыз қалдырғаным рас), бірақ оны, менің ойымша, ресейлік сарапшылардың пікірімен қосақтап, қойыртпақтап, өте даулы етіп қойған секілді. Фракция басшысы

Сондай-ақ ол ресейлік авторлардың жақын әрі одақтас көршілерінің біріне қарсы мұндай шабуылдары контрпродуктивті деп санайтынын атап өтті.

"Ресейлік авторлардың жақын көрші елге, ЕАЭО, ШЫҰ және ҰҚШҰ бойынша одақтастарының біріне жасаған осындай шабуылдары контрпродуктивті деп санаймын. Ресейдің, тіпті көптеген басқа елдермен күрделі қарым-қатынаста болғанына әрі санкция құрсауы сынды қиын жағдайына қарамастан өзін достас әрі серіктес деп санайтын мемлекетке осылай жасап отырғаны, әрине өкінішті. Біздің алдымызда - Қазақстанның, сол секілді Ресейдің де алдында еңсерілуі тиіс елеулі әлеуметтік-экономикалық тәуекелдер тұр. Міне, сонымен айналысайық, экономика, жұмыссыздық, білім беру, тұрғын үй, медицина мәселелерін шешейік; өз азаматтарымыздың табысын және өмір сүру сапасын көтеруді ойлайық. Бәрінен бұрын, бір-біріміздің ұлттық егемендігімізді құрметтейік", - деп жазды Перуашев.

Сондай-ақ ол кез келген ұлттың, соның ішінде Қазақстанның да өзіндік ұлттық мүдделері бар екенін еске салды. Онда да депутат бұл терминнің этникалық емес, азаматтық мазмұнына басымдық беріп отырғанын баса айтады.

Оның айтуынша, Қазақстанда "мемлекеттік құрылыстың қалыпты процесі жүріп жатыр".

Қазақстан
Ресей
Қазақстан халқы Ассамблеясы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстандағы мемлекеттік сатып алудың жаңа ережелері: нені білу маңызды

Google, Apple, Netflix: Шетелдік интернет компаниялар бір жылда елімізге 35 млрд теңге салық төледі

"Қар, көктайғақ, тұман". Сейсенбіде еліміздің 16 өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Лудомания – қоғамды жайлаған қауіпті індет

Елімізде баспана бағасы 4 пайызға қымбаттады