Қарағандыдағы Октябрь ауданына Әлихан Бөкейханның есімі берілді

Сурет: Facebook/krgcitypress
Бұл жаңалықты қарағандылықтар көптен күткен еді

Бүгін Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбектің қатысуымен облыстық  мәслихаттың кезекті IX сессиясы өтіп, онда Октябрь ауданын Әлихан Бөкейхан атындағы аудан деп өзгерту туралы облыс әкімінің Қаулысы қабылданды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл маңызды шешім Әлихан Бөкейханның 155 жылдығына және Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы мерекесі қарсаңында қабылданып отыр. Аудан атауын өзгерту туралы әкім Қаулысы мен облыстық мәслихаттың шешімін депутаттар бірауыздан қолдады.

Сессияда Октябрь ауданына Әлихан Бөкейхан есімін беру туралы бұрын дайындалған әкімдік пен мәслихат қаулысы қаралды. Енді аудан Әлихан Бөкейхан ауданы болып аталмақ. Тиісті құжаттар Әділет министрлігіне тіркеуге жіберілді.Қарағанды ​​облысының Тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы өкілі.

Жиын барысында өткен жылғы бюджет қаржысының игерілуі, агроөнеркәсіптік кешенді дамытуға арналған бағдарламаның орындалуы сынды маңызды мәселелер де қаралды.

Қарағанды
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі