Ақтау жұрты домбыраның күмбірлеп қоя берген дауысынан шошып оянды

Сурет: Zakon.kz
Былтыр қала көшелеріне 40 миллионға 650 дауыс зорайтқыш құрылғысы орнатылған екен

Таңғы сағат алты. Айнала тас қараңғы. Ақтау көшелерінде мүлгіген тыныштық. Бір уақытта жарық шамдарының бағанасына орнатылған дауыс зорайтқыштардан бар дауысымен күй күмбірлеп қоя берді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл әуен қаланың төменгі және жоғарғы шағынаудандарының тұрғындарын түгел ұйқысынан оятты. Алайда жерге жарық түспей жатып күйді кімнің қосқаны белгісіз. Жауаптылардың айтуынша, аталған әуен алдағы мерекелерде қосылуы керек болған. Бірақ техникалық ақауға байланысты әкімдіктің тосын сыйын тұрғындар ерте естіп қойды, деп хабарлайды КТК телеарнасы.

Былтыр қала көшелеріне 40 миллионға 650 дауыс зорайтқыш құрылғысы орнатылған екен.

Мерекелік көңіл-күй сыйлау мақсатында қосуды жоспарлағанбыз. Алайда техникалық ақау орын алды. Тұрғындардан кешірім сұраймыз. Алдағы уақытта түрлі жанрдағы әуендерді кешкі мезгілде қосып қою жоспарда бар. Абай атындағы мәдени-демалыс кешенінің қоғаммен байланыс менеджері Ақыл Сағитжанова
Ақтау

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Алматыда бірқатар шағын аудандар мен көшелердің атауы өзгерді 

Парламенттік реформа бойынша референдум қашан өтетіні белгілі болды

Бүгін "Қадір түні": Оқылатын дұғалар мен жасалатын амалдар

Қазақстанда спорттың жоғары жетістіктерін қаржыландыру тәртібі бекітілді

Қазақстан экономикасы үшін маңызды белгі: инфляция төмендей бастады