Астрологтар желтоқсанда әр жұлдыз белгісіне сәттілік әкелетін күнді атады
Сурет: magnific
YourTango порталының жазуынша, желтоқсан айында көптен күткен айқындық орнап, 2026 жыл бойы болған оқиғалардың мәні ашылады.
"Ғажайыптарға орын қалдырып, 2026 жылға тосын бұрылыстары үшін алғыс айтыңыз. Мұның бәрі сізді дәл осы сәтке жетеледі", – дейді астролог Кейт Росс.
Тоқты – 8 желтоқсан
Мерген белгісіндегі жаңа Ай өміріңізде немесе қарым-қатынасыңызда жаңа кезең бастауға көмектеседі. Бұған дейін өзіңізбен біраз жұмыс істедіңіз. Ал 10 және 12 желтоқсанда Сатурн мен Нептунның тура қозғалысқа ауысуы алға ұмтылуға күш береді.
Торпақ – 25 желтоқсан
Меркурийдің Тауешкі белгісіне өтуі сөзіңіздің өтімділігін арттырып, пайдалы байланыстар орнатуға көмектеседі. 2027 жылғы 13 қаңтарға дейін нақты жоспар құрып, белсенді әрекет еткен жөн. Бұл кезеңде табысыңыз өз қолыңызда болады.
Егіздер – 17 желтоқсан
Балықтар белгісіндегі Айдың алғашқы ширегі мансап пен білімге қатысты мәселелерге назар аудартады. Бұл күні мамандық таңдау немесе жұмыс ауыстыру жөнінде айқын шешімге келуіңіз мүмкін. Ең бастысы – сәтті пайдаланып, батыл қадам жасау.
Шаян – 10 желтоқсан
Сатурн шілдеде ретроград қозғалысына ауысқалы бері жұмысқа қатысты міндеттерді орындау қиындаған еді. Планетаның тура қозғалысқа көшуі еңбегіңіздің жемісін көруге мүмкіндік береді. Жаңа жобалар мен қызметте жоғарылау ықтимал.
Арыстан – 12 желтоқсан
Нептун алты айға жуық созылған ретроград кезеңінен шығады. Бұл уақыт аралығында күмән көбейіп, кейбір ащы шындықтың беті ашылуы мүмкін еді. Енді өзіңізге деген сенім артып, лайықты нәрсеге қол жеткізу үшін тәуекел етуге дайын боласыз.
Бикеш – 21 желтоқсан
Күннің Тауешкі белгісіне өтуі сәттілік дегеніміз тек жетістікке жету емес, өмірден ләззат ала білу екенін еске салады. Алдағы апталарда бітпейтін шаруалар тізімін бір сәтке ысырып қойып, демалып, қол жеткізген жетістіктеріңізге қуанған жөн.
Таразы – 23 желтоқсан
Шаян белгісіндегі толған Ай шілденің ортасында басталған жұмыс үдерістерінің қорытындысын шығаруға көмектеседі. Бұл – өткенді қайта саралап, бойдағы ауыртпалықтан арылатын кезең. Жұмсаған күш-жігеріңіздің нәтижесі көріне бастағанын байқайсыз.
Сарышаян – 12 желтоқсан
Юпитер Арыстан белгісінде ретроград қозғалысына ауысқан күні бұрынғы мансаптық немесе жеке өміріңізге қатысты мүмкіндік қайта оралуы мүмкін. Кезінде жіберіп алған мүмкіндікті тағы бір мәрте сынап көруден қорықпаңыз.
Мерген – 12 желтоқсан
Арыстан белгісіндегі Юпитердің ретроград қозғалысы 2027 жылдың сәуір айының ортасына дейін жалғасады. Бұл кезеңде сыртқы қарбалас баяулағанымен, алға қойған мақсаттарыңызды қайта саралауға мүмкіндік туады. Кейде сәттілік асықпай, өзіңді тыңдай білген кезде келеді.
Тауешкі – 1 желтоқсан
Бикеш белгісіндегі Айдың соңғы ширегі ескі қорқыныштар мен сәтсіз жоспарлардың салмағынан арылуға көмектеседі. Өткеннің жүгін түсіріп, жаңа мүмкіндіктер мен молшылыққа жол ашасыз.
Суқұйғыш – 4 желтоқсан
Шолпан күзгі ретроград кезеңінен кейін Сарышаян белгісіне қайта оралып, мансаптық бағытыңызды қайта қарауға итермелейді. Өзгерістерді қателік деп қабылдамаңыз. Олар сізді жетістікке жетелейді.
Балықтар – 4 желтоқсан
Шолпанның Сарышаян белгісіне қайта оралуы қыркүйектен бері созылған тоқырау кезеңін аяқтайды. Жұмыс пен жеке өмірде жаңа ұсыныстар түсуі мүмкін. Ең бастысы – оларға дер кезінде келісім беру.