Жаңалықтар тізбегі
0

Астрологтар 2024 жылы қай жұлдыз белгілері өзінің өмірлік қосағын кездестіретінін айтты

Махаббат, астрология, 2024 жыл, сурет - Zakon.kz жаңалық 22.12.2023 23:10 Сурет: freepik
Астрологтар 2024 жылы Торпақ, Арыстан, Шаян жұлдыз белгісіндегілер қосақтарын кездейсоқ кездестіріп, махаббат ләзаттына бөленеді деп болжайды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Торпақ

Бұл жұлдыз белгісінде туылған адамдардың өмірі 2024 жылдың басында күрт өзгеруі мүмкін. Дегенмен махаббат өзі келеді деп күтіп, қарап отыруға болмайды. Айналаңыздағы адамдарға мұқият қараңыз, өйткені өз өміріңізді байланыстыратын адам жақын маңда жүрген болуы мүмкін. Бұрқ еткен сезім оты қысқа мерзімді деп айта алмаймыз.

Шаян

Егер, әдеттегідей, өмір қалпыңыздан танбасаңыз, онда бұл белгідегілерге махаббат бұйырмайды. Жан жарыңызды саяхат немесе қарапайым демалыс кезінде кездестіресіз. Сондықтан Шаяндар жұмысқа емес, бос уақытына көбірек уақыт бөлгені жөн. Оның үстіне батылдық танытып, өзіңіз бастамашыл болуыңыз керек. Сонда ол таныстық Сіздің өміріңізге көп нәрсе әкеле алады. 

Арыстан

Арыстандардың өміріне жыл басында бірден емес, тек 2024 жылдың көктемінде өзгеріс болады. Айта кету керек, бұл ретте өзіңіз емес қарсы тарап бастама көтереді, сондықтан қосағыңызды іздеп, әуре болмайсыз. Бұл қатынастар көп ұзамай анағұрлым "байсалды одаққа" айналады.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: