11 желтоқсанға арналған ауа райы болжамы

Сурет: pixabay
Маңғыстау облысының солтүстігінде, солтүстік-шығысында көктайғақ болады

Синоптиктер 11 желтоқсанға арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Антициклонның әсерінен Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі, тек батыста, оңтүстікте жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын болады. Республика бойынша кей жерлерде тұман, көктайғақ, желдің күшеюі, ҚР шығысында бұрқасын болады деп болжануда."Қазгидромет" РМК баспасөз қызметі

Түнде және таңертең Жамбыл облысының таулы және тау бөктерінде тұман түседі, солтүстік-шығыста, оңтүстік-батыста және таулы аудандарда желдің жылдамдығы 15-20, екпіні 23-28 м/с жетеді.

Шығыс Қазақстан облысының орталығы мен оңтүстік-шығысында боран соғып, жел 15-20 м/с күшейеді, күндіз Жарма ауданында желдің екпіні 23-28 м/с жетеді.

Алматы облысының солтүстік-батысында жел 15-20 м/с, Алакөл ауданында 20-25, екпіні 29 м/с және одан да қатты болуы мүмкін.

Түнде солтүстікте, орталықта, күндіз Атырау облысының шығысында тұман, көктайғақ күтіледі.

Күндіз Ақтөбе облысының оңтүстігінде көктайғақ, солтүстік – батыста, облыстың орталығында желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді.

Түркістан облысының солтүстігінде тұман, күндіз таулы аудандарда желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді.

Қызылорда облысының солтүстігінде көктайғақ күтіледі, түнде облыс орталығында жел 15-20 м/с күшейеді.

Қарағанды облысының батысында, орталығында жел 15-20 м/с күшейеді.

Батыс Қазақстан және Қостанай облыстарының солтүстігінде, түнде және таңертең Солтүстік Қазақстан облысының батысында тұман күтіледі.

Маңғыстау облысының солтүстігінде, солтүстік-шығысында көктайғақ күтіледі.

Бұған дейін синоптиктер 11-13 желтоқсанға арналған ауа райы болжамын ұсынған болатын, оған сәйкес, суық күндердің жаңа толқыны келе жатыр.

Қазақстан
Қызылорда
Ақтөбе
Тараз
Қостанай
Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Денсаулық сақтау министрлігі медицина қызметкерлерін көтермелеу қағидаларына өзгеріс енгізбек

Kaspi Жұма 5–8 қарашада өтеді: төрт күндік жеңілдіктер, бонустар және тиімді бөліп төлеу

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

Тоқаев Дженсен Хуангты қабылдады

Ақордада "Астана-Көгалдандыру құрылысы" мекемесінің қызметкері Дидар Телжанұлына "Құрмет" ордені табысталды