Қырғыз аспазы бауырсақтан ағаш жасады. Бұл желі қолданушыларын ашуландырды

ҚР СІМ Қазақстанның Қырғызстандағы Елшілігінде жайылған дастарханға қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Желіде Қазақстанның Қырғызстандағы елшілігіндегі Тәуелсіздік күнін тойлау кезінде түсірілген видео қызу талқыланды. 16 желтоқсанға орай елшілікте өткен ресми қабылдауда қонақтарға ет тағамдары, қазы-қарта мен бауырсақтан жасалған тау мен ағаш, сондай-ақ Қазақстан туы бейнеленген торт ұсынылған.

Қырғызстанда Қазақстан елшілігі ұйымдастырған Қазақстанның Тәуелсіздік күні тойланып жатыр. Бұл қазы-қартадан жасалған Алатау таулары. Міне, бауырсақтан жасалған ағаш. Міне, Нұрсұлтан шыңына 30 жыл. Қандай өнер. Жарайсыңдар!Кадр сыртындағы ер адам

Талқыға түскен видеоға қатысты Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі түсініктеме берді.

Бұл елшілік ұйымдастырған қарапайым қабылдау шарасы. Бұл тұста аспаз (Таштанбекуулу Ырыскелди арвинг шебері – Ескерт. ред.) дастарханды креативті сәндеу үшін қиялға ерік берген. ҚР СІМ баспасөз қызметі

Алайда СІМ ерекше мерекелік дастарханның құнын ашып айтпады.

Қазақстан
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: