«Омикрон» штаммын жұқтырғандар тек түнде ғана мазалайтын ауру белгісін атады

Сурет: pixabay
Оңтүстік Африка Республикасындағы науқастар дерттің жаңа белгісіне шағымданды, деп хабарлайды Zakon.kz

ТАСС хабарлағандай, жаңа симптом тек түнде адамды мазалайды, нақтырақ айтқанда, қатты терлетеді, тіпті адам жатқан бөлме салқын болса да. Сонымен қатар, науқастар "омикрон" штаммына мұрыннан су ағу, бас ауруы, шаршау, дененің ауыруы сынды белгілер тән екенін айтады. Оңтүстік Африка дәрігерлері атап өткендей, вакцина алған адамдарда "омикрон" инфекциясы жеңіл түрде жүреді.

Айта кетсек, Ұлыбритания және ОАР мемлекеттерінде коронавирус жұқтырып, ауруханаларға түсушілер саны күрт артқан. Осыған байланысты ДДҰ "көптеген денсаулық сақтау жүйелеріне шамадан тыс жүктеме түсуі мүмкін" деп санайды.

Пандемия басталғаннан бері әлемде 274,2 миллионнан астам адам коронавирус жұқтырды, одан 5,3 миллионнан астам адам қайтыс болды.

COVID-19

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астанада Құрылтай сайлауы күні 25 сәби дүниеге келді

Құрбысы екеуі мотоциклмен келе жатып арқанға соғылған: Риддерде оқушы қыз қаза тапты

Ақмолалық тұрғын Грузиядан Toyota Highlander сатып алмақ болып, миллиондаған теңгесінен айырылды

Самокат енді ойын-сауық құралы емес: Бас прокуратура қазақстандықтарға жаңа ережелерді еске салды

Қазақстанда кредит қайта кешіріле ме