Қазақ қызы Мексикадан Канадаға дейін велосипедпен жүріп өтті

Сурет: pixabay
Әйгерім Әлімова рекордтық қысқа мерзім ішінде 4000 шақырымнан астам жолды жүріп өтті. Осы сапарға дейін бойжеткен Еуропа, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Грузия, Армения, Түркия және Қазақстанның бір бөлігін велосипедпен жүріп өткен болатын, деп хабарлайды Zakon.kz

Мексикадан Канадаға дейінгі жол әлемдегі ең ұзын және қауіптісі болып саналады. Орта есеппен саяхатшылар оны жарты жылда еңсереді, ал Әйгерім оған 4,5 айын ғана кетірген, деп хабарлайды "Еуразия " бірінші арнасы.

Дайындыққа екі жылға жуық уақыт кеткен. Қыз қажетті құрал-жабдық сатып алып, жол сапар шолуларымен танысып, қанша салмақта жүк алып жүре алатынын есептеді. Әйгерім өзімен бірге шатыр, ұйықтайтын қап, төсеніш, тамақ пен су алып жүрді.

Діттеген соңғы нүктеге көбінесе барлық сапарлаушылардың үштен бірі ғана жетеді, өйткені жол өте күрделі. Саяхатшылар тау асуларынан өтіп, суық пен ыстыққа төзіп, жауын-шашынды күндерді де бастан кешеді. Олар кейде ассыз, сусыз қалуы мүмкін.

Бірақ, Әйгерімнің айтуынша, бұл алыс сапардағы ең қорқыныштысы емес, бәрінен қауіптісі – жолда жабайы аңдардың кездесуі.

Мен қара аюды кездестірдім, бұл Вашингтонда болды. Ол да жол соқпағымен тура маған қарама-қарсы шықты. Менің басқан қадамдарымды естімеген секілді, өйткені ол маған екі метр қалғанда кілт тоқтады. Ол тез арада қашып, тұтқиылдан екі қолын көтеріп маған қарап тұрды. Сөйтіп менің не істеп жатқанымды байқап көрді. Ал мен тек состиып тұрдым, оған ешқандай агрессия көрсетпедім, содан кейін ол ары қарай кетіп қалды. Саяхатшы Әйгерім Әлімова

Әзірге, Әйгерім үшін саяхат тек ермек қана, бірақ ол оны іске айналдыруды жоспарлап отыр. Болашақта ол басқа танымал туристік маршруттарды да басып өтпек.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астанада өрттен 11 жасар бала қаза тапты

Павлодар облысында мас жүргізуші ұсталды

-33 °C. ТЖМ алда келе жатқан аязды күндерге байланысты мәлімдеме жасады

"Боран соғып, аяз болады". Астана, Алматы және еліміздің 16 облысында дауылды ескерту жарияланды

Қазақстанда жекеменшік мектептер үшін жаңа мемлекеттік тапсырыс жүйесі іске қосылды