Тоқаев мемлекеттік органдарды құрылыс жобаларын мұқият іріктеуге шақырды

Стройка, строительство, строительство жилья, строительство дома, строительство домов, строительный объект, строительные работы, строители, рабочие, строитель, рабочий, сурет - Zakon.kz жаңалық 28.10.2026 12:58 Фото: Zakon.kz/Павел Михеев
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2026 жылғы 28 қазанда Қазақстан халқына Жолдауында ауқымды құрылыс саласында мемлекеттік органдар үшін сенімді серіктестерді таңдаудың маңызын атап өтті, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

Президент мемлекеттік басқару сапасын түбегейлі арттыру маңызды міндет екенін айтты.


"Инфрақұрылымды жаңғыртуға, жаппай цифрландыруға және өнеркәсіпті дамытуға қомақты бюджет қаражаты бөлініп жатыр. Жеке инвестициялар да тартылуда. Осыған байланысты мына мәселеге назар аударғым келеді. Ауқымды құрылыс аясындағы жобаларды мұқият іріктеп, сенімді компаниялармен жұмыс істеу және олардың іске асырылуының әр кезеңін жіті бақылау аса маңызды", – деді Тоқаев.

Мемлекет басшысы мемлекеттік аппарат бұл міндетті жоғары кәсіби деңгейде мінсіз орындауға дайын болуы керектігін атап өтті.

Бұған дейін Тоқаев 2027 жылдан бастап бизнесті тексеруге мораторий енгізуді ұсынды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: