Төрт баланы өрттен құтқарған оқушының отбасына автокөлік сыйға тарту етілді

Сурет: Қостанай облысы әкімдігінің баспасөз қызметі
Төрт баланы өрттен құтқарған қостанайлық жеткіншек Олег Пирогқа Президент Қасым-Жомарт Тоқаев алғыс хат жолдады. Президенттің алғыс хатын облыс әкімі Архимед Мұхамбетов табыс етті. Одан бөлек жеткіншектің отбасына көлік сыйға тарту етілді, деп хабарлайды Zakon.kz

Мемлекет басшысы алғыс хатта: «Жас бола тұра, сен нағыз батылдық пен ерліктің үлгісін көрсеттің, ойланбастан көмекке келдің, үлкен қайғы-қасіретке жол бермедің", – деп өзінің тілек-лебізін білдірген.

Демалыс күні 5-сынып оқушысы Олег Пирог басын қатерге тігіп, жанып жатқан үйден төрт баланы алып шыққан. Осы ерлігі үшін ол Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің «Қайсарлығы үшін» медалімен марапатталды. Ал анасы Валентина Пирогқа төтенше жағдайлар министрлігнің алғыс хаты табысталды. Жеткіншектің отбасына жергілікті зауытта құрастырылған автокөлік сыйға тартылды, деп хабарлайды Хабар-24 .

Біздің үйде үш машина тұр. Бірақ бәрі ескі, жүрмейтін көліктер. Кейде әкем екеуміз олардың қосалқы бөлшектерін алып кәдеге жаратамыз. Жаңа көлік сатып алу бүкіл отбасымыздың арманы болатын. Сондықтан бұл сыйлық біз үшін аса бағалы. Оқушы Олег Пирог

Сурет: Қостанай облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Қостанай

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстандағы зейнеткерлер қандай жеңілдіктер мен көмекке үміткер бола алады және оларды қалай алуға болады

Ерлан Қарин: Жаңа Конституция ел дамуындағы жаңа тарихи кезеңді бастайды

Қазан айында ел азаматтары қанша күн демалады

"Үсік жүріп, тұман түседі". Синоптиктер еліміздің бірқатар өңірінде дауылды ескерту жариялады

Астана, Алматы, Шымкент. Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы