Энергетика министрлігі жарықтың сөнуіне қатысты түсінік берді

Энергетика министрлігі Қазақстанның энергетика жүйесіндегі жағдай туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Zakon.kz

Министрлік таратқан мәлімет бойынша, 2022 жылы 25 қаңтарда сағат 11:59-да (Нұр-Сұлтан уақыты бойынша) Орталық Азияның энергия жүйесіндегі елеулі авариялық теңгерімсіздікке байланысты «Солтүстік-Шығыс-Оңтүстік» 500 кВ электр энергиясының транзитіне шамадан тыс күш түскен.

Салдарынан Қазақстанның оңтүстік аймағы тұтынушыларының едәуір бөлігін ажырату арқылы «Қазақстанның Солтүстік-Шығыс-Оңтүстік» транзитінің авариялық бөлінуі орын алды. Шектеулер көлемі 1500 мегаваттан асты, оның ішінде, Алматы қаласы мен Алматы облысында – 1000 МВт, Жамбыл облысында – 300 МВт, Түркістан облысында – 500 МВт және Қызылорда облысында - 200 МВт.ҚР Энергетика министрлігінің баспасөз қызметі

Министрліктегілердің айтуынша, жиіліктің отырып қалуы салдарынан (47 Гц-тен төмен) Өзбекстан, Қырғызстан энергия жүйелері толық өшірілді. Автоматика жұмысымен Жамбыл ГРЭС, Шымкент ЖЭО-3, Қызылорда ЖЭО-6 және Алматы облысының электр станцияларының толық өшірілуіне жол берілмеді, аталған облыстардың тұтынушылары шамамен 500 МВт электрмен жабдықталды. Автоматиканың арқасында Алматы энергия торабы шамамен 700 МВт электр тұтынуды сақтай отырып, оқшауланған жұмысқа бөлінген.

Сағат 13:39-да ұлттық электр желісінің Алматы энергия торабымен қалыпты схемасы толық қалпына келтірілді. Алматы және Алматы облысының өңірлік электр желілік компаниялары шектеулерді алып тастауды жүзеге асырды.ҚР Энергетика министрлігінің баспасөз қызметі

Оңтүстік облыстарды электрмен жабдықтауды қалпына келтіру жұмыстары әлі жалғасып жатыр.

Қазақстан
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: