Қазақстанның даму банкі басшысының өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылды

Сурет: kdb.kz
Жалғыз акционердің («Бәйтерек» ҰБХ» АҚ) 2022 жылғы 24 қаңтардағы шешімімен Абай Сарқұловтың «Қазақстанның даму банкі» АҚ Басқарма төрағасы және Директорлар кеңесінің мүшесі ретіндегі өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылды, деп хабарлайды Zakon.kz

"Қазақстанның даму банкінің" баспасөз қызметінің хабарлауынша, басшысының міндетін атқарушы болып бұған дейін Банк Басқармасы төрағасының орынбасары қызметін атқарған Сандуғаш Кенжебаева тағайындалды.

Абай Сарқұлов Банктегі қызметін 2007 жылғы наурызда Инфрақұрылымдық жобаларды кредиттеу басқармасының менеджерінен бастап, Басқарма төрағасының орынбасарына дейінгі жолдан өтті.

2017 жылғы ақпан мен 2019 жылғы сәуір аралығында Абай Сарқұлов «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ атқарушы органын басқарды. Абай Сарқұлов 2019 жылғы сәуірде ҚДБ Басқармасының төрағасы ретінде тағайындалып, бұл лауазымда ол Болат Жәмішевтің орнын ауыстырды.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

ІІМ жалған ақпарат пен арандатушылық үшін жауапкершілік қарастырылғанын ескертті

Франция мен Испаниядағы орман өрті: мыңдаған адам үйлерін тастап кетуге мәжбүр

Екібастұзда қоқыс жәшігінен әйел адамның дене мүшелері табылды

Алматыдағы Саин көшесінде болған жол апатынан екі адам зардап шекті

Елімізде білім беру жүйесін басқарудың жаңа моделі жөніндегі пилоттық жоба іске қосылмақ