Қазақстандық жастарды азаматтық құндылықтарға бағыттау кезек күттірмейтін іс

Сурет: instagram/ natalia_gerasimova05
"Қаңтар оқиғасы" елдегі жастарға қолдау бұрынғыдан да көбірек қажет екенін көрсетті. Мұндай пікірді «Тұран» университетінің әлеуметтік және тәрбие жұмысы жөніндегі проректоры Наталья Герасимова айтты, деп хабарлайды Zakon.kz

РhD докторанты Наталья Герасимова азаматтық қоғам құндылықтарын жастардың бойына сіңіру қажет екенін айтты.

«Алматы трагедиясы» жастардың ұлтаралық жанжалдарға, лаңкестік әрекеттерге оңай тартылатын әлеуметтік санатқа айналуы мүмкін екенін көрсетті.Наталья Герасимова

Наталья Герасимова лаңкестікке қарсы идеология мен толеранттылықты қалыптастыруға ықпал ететін әдіс-тәсілдерді дамыту қажет деп санайды.

Жастарды жалпы адамзаттық құндылықтарға баулуға, ұлтаралық қарым-қатынас мәдениетін тәрбиелеуге, лаңкестікке қарсы идеологияны, толеранттылықты қалыптастыруға ықпал ететін оқыту және тәрбиелеу әдістері мен технологияларын дамыту барған сайын өзекті болып келеді. Жастарға ғаламтордың үлкен сандық ағынында дұрыс ақпарат алуды, сыни тұрғыдан ойлауды және диалог арқылы өз пікірін білдіруді, тыңдауды және түсінуді үйрету қажет. Наталья Герасимова

Сонымен қатар ғалым университет қабырғасында пікірталас клубтарын құру, алаңдарын құру, спортпен шұғылдану арқылы және жеке тұлғаның өзін-өзі танытуына, таланттарын ашуға бағытталған жобаларды қолдау арқылы жеке тұлғаның азаматтық жауапкершілігін қалыптастыруға болатынын айтады.

 

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды