Құрметті достар! Бүгін – менің "ҚазАвтоЖол" ұлттық компаниясындағы соңғы жұмыс күнім. Осы уақыт ішінде жүзеге асқан жобалар – әріптестерімнің жемісті еңбегі. Әрине, сіздердің әлеуметтік желілер мен ақпарат саласындағы күнделікті қолдауларыңыз да көмектесті. Асқар Маратұлы
Экс-төрағаның сөзінше, республикалық маңызы бар жолдардың 3,6 мың шақырымы қайта жөнделген. Оның 2,2 мың шақырымында жүру мүмкін болса, 324 шақырымы пайдалануға берілді. Алматыдағы "Алтын Орда" базары жанындағы жол айырығынан да өту қарастырылған.
Біз Қызылорда – Жезқазған жолының құрылысы үшін барлық рұқсат беру процедураларынан өттік. Жоба биыл басталады. Жол бойындағы қызмет көрсету нысандарының 20-дан астамы ашылды. Бірнеше келісімдерге қол қойылды. Атап айтсақ, әлемнің жетекші банктерімен ынтымақтастық орнатуға ниеттендік. Сонымен қатар отандық ірі компаниялармен көпжақты меморандумдарға қол қойылды.Асқар Маратұлы
Сонымен қатар ол компания қызметінің ашықтығы мен жариялылығын қамтамасыз ету үшін Қоғамдық кеңес пен арнайы комиссия құрылғанын атап өтті.
Еске салайық, Асқар Маратұлы 2021 жылдың 22 сәуірінде "ҚазАвтоЖол ҰК" АҚ басқарма төрағасы болып тағайындалды. Ол 1976 жылы дүниеге келген. Шығыс Қазақстан техникалық университетінде көліктегі экономика және менеджмент мамандығы бойынша білім алған. Сонымен бірге Л.Гончаров атындағы Қазақ автомобиль-жол университетінде де оқып, "Автомобиль жолдары мен аэродромдар құрылысының инженері" мамандығын алды.
Еңбек жолын 1998 жылы бастады.