Еліміздің шығысында Таймыр мен Шығыс Сібір аудандарынан суық антициклонның ықпал етуіне байланысты ауа температурасы климаттық норма шамасында болады.
Ақпан айында жауын-шашын мөлшері республиканың басым бөлігінде норма шамасында, ал Қазақстанның батысында, оңтүстік, оңтүстік-шығыс және шығыс аумақтардың таулы және тау бөктерлі өңірлерінде нормадан көп болжанады.
Бірінші онкүндіктің басында Сібір антициклонының әсерінен Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы аязды және көбінесе аз жауын-шашынды болады, ал республиканың батысында Батыс және Оңтүстік циклондардың ықпалымен жауын-шашын (жаңбыр, қар) түсіп, жел 15-20 м/с дейін күшейеді, тұман және көктайғақ күтіледі. Содан кейін циклонның солтүстік-шығыс бағытқа ауысуынан республиканың қалған аумағында да жауын-шашынды және желді ауа райы күтіледі.
Ақпанның бірінші онкүндігінің бірінші жартысында ҚР оңтүстігі мен батысында күндізгі ауа температурасы жоғарылайды.
Онкүндіктің соңында республиканың шығысында температура фоны түнде -18-23°С-тан -12-17°С-қа дейін, солтүстік-шығыста -28-33°С-тан -20°С-қа дейін, күндіз -10-15°С-тан -5-10°С-қа дейін жоғарылайды.
Екінші және үшінші онкүндіктерде ауыспалы барикалық түзілімдермен ауа райының тұрақсыз сипаты күтіледі: жауын-шашын (жаңбыр, қар), екпінді жел, еліміздің солтүстік-батыс жартысы мен батысында бұрқасын, оңтүстігінде жекелеген күндері шаңды дауыл күтіледі.
Жекелеген күндері Шығыс Сібір аудандарынан келетін суық антициклонның әсерінен температуралық фон төмендейді деп күтіледі:
батыста және солтүстік-батыста түнде -12-22°С-қа дейін, күндіз -3-10°С-қа дейін;
солтүстік жартысында түнде -20-35°С-қа дейін, күндіз -13-18°С-қа дейін;
оңтүстік жартысында түнде -8-15°С-қа дейін, күндіз -5+3°С-қа дейін.
Жекелеген күндері Иран мен Орта Азия аудандарынан жылы ауа массаларының шығарылуына байланысты температуралық фон жоғарылайды деп болжанады:
батыста түнде -5+1°С-қа дейін, күндіз +2+8°С-қа дейін;
солтүстік-батыста, солтүстікте, орталықта және шығыста түнде -3-15°С-қа дейін, күндіз -6+3°С-қа дейін;
оңтүстікте, оңтүстік-шығыста және оңтүстік-батыста түнде -5+5°С дейін, күндіз +5+12°С дейін.
Оқи отырыңыз