Мойынты – Сарышаған теміржолындағы апат салдары жойылды

Сурет: Zakon.kz
Жамбыл ЖТ бөлімшесі Мойынты – Сарышаған учаскесінің Новалы станциясында пойыздар қозғалысы толық қалпына келтірілді, деп хабарлайды Zakon.kz
Жолдан шығып кету салдарын жоюға үш қалпына келтіру пойызы мен 200-ге жуық теміржолшы жұмылдырылды. Оқиға орнында «Қазақстан теміржолы» ҰК» АҚ-ның арнайы құрылған комиссиясы жұмыс істеуде.ҚТЖ баспасөз қызметі

Баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, теміржолшылар тәулік бойы жұмыс істеп, штаттан тыс жағдайдың салдарын жедел жойды. Апаттан бірнеше сағат өткен соң, бір жолмен пойыздар қозғалысы ашылды. Барлық теміржол бөлімшелерінің үйлесімді жұмысы қысқа мерзімде пойыздардың қозғалысын толық қалпына келтіруге мүмкіндік берді.

Пойыздың жолдан шығып кету себебі – ресейлік вагонның бүйір рамасының сынуы.

Шығынды кінәлі тарап өтейді.

Еске салсақ, 1 қаңтар сағат 13:55-те Жамбыл теміржолы бөлімшесіне қарасты учаскеде жүк пойызының бидай тиелген 12 вагоны жолдан шығып кеткен еді.

Қазақстан
Қарағанды

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Толыққанды жаңа инвестициялық кезеңді бастау керек – Тоқаев

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің функциялары кеңейді

Бақытжан Темірболат Президент Кеңсесінің уақытша бастығы болады

Алматыда лайк үшін заң бұзғандар жазаланды

Қазақстанда әскерге шақыру мен ант қабылдау рәсімі жаңа форматта өтеді