10 ақпанға арналған ауа райы болжамы

Сурет: Zakon.kz
10 ақпанда еліміздің басым бөлігінде қар жауып, тұман түсіп, көктайғақ болады, деп хабарлайды Zakon.kz
Қазақстан аумағының басым бөлігінде атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуімен қар жауады, тек республиканың оңтүстігінде жауын-шашынсыз болады. Кей жерлерде көктайғақ, тұман күтіледі, республиканың батысында және оңтүстік-шығысында жел күшейеді.«Қазгидромет» РМК

Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, шығысында аздаған бұрқасын, тұман, көктайғақ, желдің жылдамдығы 15-20 м/с күшейеді деп күтіледі.

Жамбыл облысының солтүстік-шығысында және таулы аймақтарында тұман болса, түнде облыстың солтүстігінде көктайғақ күтіледі.

Күндіз Ақтөбе облысының батысында, солтүстік-батысында баяу бұрқасынмен жел күшейеді, облыстың шығысында тұман күтіледі.

Батыста, Атыраудың солтүстігінде, Маңғыстаудың солтүстік-батысында, түнде және таңертең оңтүстікте, Алматы облысының солтүстігінде тұман, көктайғақ болады.

Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодардың оңтүстігінде, Шығыс Қазақстанның солтүстігінде, Қызылорданың орталығында, солтүстікте, Ақмоланың шығысында, батыста, шығыста, Қарағандының орталығында тұман күтіледі. Түркістан облысының оңтүстігінде, батысында және таулы аймақтарында тұман болады.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет бизнес бастауға ниетті кәсіпкерлерге 1,7 млн теңге үлестіруде: өтінімдерді қашан және қайда өткізеді

Тоқаев сайлау туралы заңға түзетулерге қол қойды

"Шаңды дауыл, аптап ыстық, жаңбыр". Еліміздің басым бөлігінде дауылды ескерту жарияланды

700-ден астам ескертпе мен қате: Қазақстанда мектеп оқулықтары қашан жаңартылады

Ақмола облысында полицейлер биіктіктен секірмек болған қызды аман алып қалды