Алматыда ауруханаға коронавируспен түскен 100 жастағы кейуана емделіп шықты

Алматы қаласында И.Жекенов атындағы клиникалық жұқпалы аурулар ауруханасына кейуана 5 ақпан күні жөтел және әлсіздікпен ауыр халде түсті, деп хабарлайды Zakon.kz

Дәрігерлердің айтуынша, науқас бірден интенсивті терапия бөлімшесінде ем алып, динамикасы жақсарған.

Дәмеш Қаратаева, емделіп шыққан 100 жастағы кейуана: «Мені емдеп, қолдау білдіріп жатқан ақ халатты абзал жандарға рахметімді айтамын, айналайындар! Өмір жастарың ұзақ болсын! Менің жасымды берсін, әумин! Еліміз тыныш болып, көркейе берсін», — деп батасын берді.

Науқас коронавирус инфекциясы диагнозымен, өкпесінің 25% зақымдануымен түсті. Ауруды жеңудегі басты нәрсе – әжейдің өмірге деген құштарлығы. И.Жекенов атындағы клиникалық жұқпалы аурулар ауруханасының 1 санатты дәрігері Дания Насырбекова
Әжеміз бір апта жөтеліп қоймаған соң, уайымдап, КТ аппаратына түсірдік. Өкпесі 25% зақымданған. Өзім дәрігер болған соң басқа дәрігерлермен кеңесіп, жедел түрде ауруханаға жатқыздық. Телефонмен сөйлесу барысында жағдайының жақсарғанын байқадым. Әжеміздің қаншама немерелері, шөбере, шөпшектері бар. Барлығы ақ халатты жандарға алғыстарын айтуда. Дәмеш Қаратаеваның немересі Нұрбол Жұмабеков

Сурет: Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық басқармасының баспасөз қызметі

Айта кету керек, Дәмеш әже өзінің 100-ге келген туған күнінде ауруханадан шығып отыр. Қос қуанышы қатар келген кейуананы аурухана мамандары гүл шоқтары мен сыйлықтарын беріп, шығарып салды. Ал асыл әжесінің шаңырақтарына оралғанына жақындары аурухана әкімшілігіне зор алғыстарын айтты", – деп хабарлайды Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық басқармасының баспасөз қызметі.

Алматы
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: