Конституциялық Сот ескіру мерзімінің өтуіне байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату тәртібін түсіндірді

Зал суда, суд, молоток судьи, судья, приговор, уголовный кодекс РК, судебный процесс, зачитывание приговора, приговор, правосудие, закон, судебная система , сурет - Zakon.kz жаңалық 23.11.2026 13:26 Фото: pixabay
Конституциялық Сот Қылмыстық кодекстің 71-бабының Конституцияға сәйкестігін тексеру туралы өтінішті қарады. Бұл бап ескіру мерзімінің өтуіне байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату тәртібін реттейді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Өтініш иесі өзіне қатысты қылмыстық істі қарау кезінде осы норманың қалай қолданылғанымен келіспеген. Жоғарғы Сот алғашқы үкімнің күшін жойып, істі қайта қарауға жіберген. Істі қайта қараған сот азаматты тағы да кінәлі деп танығанымен, ескіру мерзімі өткендіктен оны қылмыстық жауаптылықтан босатқан.

Азамат ескіру мерзімінің қалай есептелгеніне дау айтқан. Оның пікірінше, Қылмыстық кодекстің 71-бабын қолдану кезінде оның конституциялық құқықтары, соның ішінде заң мен сот алдында жұрттың бәрі тең деген қағидат бұзылған.

Конституциялық Сот өтініште келтірілген уәждер нақты істі қарау кезінде қылмыстық заңнаманың дұрыс қолданылғанына қатысты екенін анықтады. Атап айтқанда, азамат ескіру мерзімін есептегенде қай кезең ескерілетінін және осы мерзімнің өтуі қандай құқықтық салдарға әкелетінін мәселе етіп көтерген.

Сот заң нормаларының Конституцияға сәйкестігін тексеру өз өкілеттігіне жататынын түсіндірді. Ал азамат келтірген нақты мән-жайларды бағалау, солардың негізінде ескіру мерзімінің дұрыс есептелгенін және қабылданған сот актілерінің заңдылығын тексеру жалпы юрисдикциядағы соттардың құзыретіне жатады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: