Smart колонканың қаупі қандай

Сурет: apple.com
Кейінгі жылдары адамдар smart колонкаларды көбірек сатып алып жатыр. Ол адамның сөзін тыңдап, адамға керек ақпаратты айтып, көмектеседі. Бірақ мұндай гаджеттің қаупі де болуы мүмкін, деп хабарлайды Zakon.kz

Адамдардың мұндай ақылды колонканы сатып алуына Яндекс cтанцияның пайда болуы мен Google-дың динамиктері де әсер етті. Алайда бұл гаджеттердің қауіпті тұсын ойлай бермейміз.

IT-Reserve директоры Павел Мясоедовтың айтуынша, smart колонка иесіне тікелей қауіп төндірмесе де, цифрлық гигиена ережелері сақталмаса, проблемалар болуы әбден мүмкін. Бұл туралы 1prime.ru хабарлады.

Өкінішке қарай, «ақылды» динамиктердің мәні – адамның жаһандық желіге үнемі қосылуын және ондағы ақпаратты әркез іздеуін қамтамасыз ету. Бұл дегеніміз жеке құпия әңгімелердің ашық болуына алып келеді. Мұндай гаджеттің қауіпті болу-болмауы өндірушіге және пайдаланушылардың жеке деректерін қорғауына тікелей байланысты.Павел Мясоедов

Сонымен бірге Павел Мясоедов жеке ақпараттың бүліну ықтималдығы аса жоғары емес екенін айтты. Дегенмен маман жеке ақпараттар өндірушілер мен олардың серіктестеріне жарнама үшін қажет екенін ескертіп отыр. Олар ақпаратты таргет жарнамасы үшін пайдалана алады.

Ресей
Қазақстан
Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстандағы зейнеткерлер қандай жеңілдіктер мен көмекке үміткер бола алады және оларды қалай алуға болады

Астана, Алматы, Шымкент. Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Уәлибек Әбдірайымов Қайрат Нұртасты қатты жамандап тастады

Мемлекет басшысы "Жасанды интеллект туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды

"Тұман түсіп, күн суытады". Дүйсенбіде еліміздің бірқатар өңірінде дауылды ескерту жарияланды