Коронавирустың "омикрон штаммынан" туындаған ауру легі пандемияның соңғы өткір кезеңі болады деп үміттенемін, - дейді Гейтс.
Сонымен қатар ТАСС ақпарат агенттігі таратқан ақпаратта айтылғандай, миллиардер көп ұзамай бұл пандемия жайлы ұмытып, басқа дағдарыстарға ойысады деп санайды.
"Біз бәріміз басқа пандемияға саналы түрде дайындалуымыз керек", - деп нақтылады кәсіпкер.
Сөз соңында ол "қайта біздің жолымыз болды, пандемия бұдан да 10 есе қауіпті болуы мүмкін еді" деп атап өтті.
Билл Гейтс кітап жазып жатыр, ол 2022 жылдың мамыр айында шығады деп жоспарланған.
Кітапта келесі жолы пандемиядан қалай құтылуға болатындығы айтылады. Сондай-ақ кітапта адам өмірін сақтап қалу үшін қажетті инновациялар сипатталған, - делінген "Известияда" .