Қостанай тұрғындарының біразы уақытша суық сусыз қалды
Фото: unsplash
Қостанайда коммуналдық кәсіпорынның сорғы станциясындағы кернеудің төмендеуіне байланысты сумен жабдықтау жүйесінде қысқа мерзімді қысымның төмендеуі тіркелді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Судың жоқтығына қатысты шағымдар әлеуметтік желілерде пайда болды. Кейін кәсіпорын өкілдері қазіргі уақытта жағдай толықтай реттелгенін хабарлады.
"Су беру қалыпты режимде жүзеге асырылып жатыр, ал желідегі қысым біртіндеп нормативтік көрсеткіштерге қайта оралып жатыр", – делінген хабарламада.
Сондай-ақ кәсіпорында қазіргі уақытта қысымның қайта төмендеуі немесе сумен жабдықтауда іркілістер туындау қаупі жоқ екенін атап өтті.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript