Шымкент полициясына бір аптада 8 мыңға жуық азамат жүгінді

Сурет: Zakon.kz
Бейнебақылау камераларының көмегімен 21-27 ақпан аралығында 5 қылмыс ашылды: ұрлық, автокөлікті заңсыз иемдену және т.б. Сонымен қатар, 2 547 әкімшілік құқық бұзушылық жайттары анықталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Polisia.kz таратқан ақпаратқа сәйкес, Шымкент қаласы Полиция департаменті Жедел басқару орталығының “102” арнасына өткен аптада қала тұрғындары мен қонақтарынан түрлі сипаттағы 7 634 қоңырау түсті.

Бейнебақылау камераларының көмегімен 21-27 ақпан аралығында 5 қылмыс ашылды: ұрлық, автокөлікті заңсыз иемдену және т.б. Сонымен қатар, 2 547 әкімшілік құқық бұзушылық жайттары анықталды. Тәртіп бұзушылар ҚР ӘҚБтК-нің 434-2-бабы (Ортақ пайдалану орындарын ластау) – 317 жайт, ҚР ӘҚБтК-нің 440-бабы (Алкогольдік ішімдіктерді ішу немесе қоғамдық орындарға масаң күйде келу) – 68 факті, ҚР ӘҚБтК-нің 449-бабы (Қоғамдық орындарда тиісу) 45 жайт бойынша жауапкершілікке тартылды.

Бұдан басқа, 1 837 жол жүру қағидаларын бұзу және 280 өзге де құқық бұзушылық анықталды.

Қазақстан
Шымкент

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Ақмолада 5 және 6-сыныптарды біріктіріп оқыта бастаған: ата-аналар наразылық танытып жатыр

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Қазақстандық әйел сөмкесіне патрон салып, басқа қалаға ұшпақ болған

Қазақстанда CVK қаржы пирамидасының жетекшісі сотталды: 474 мың доллардың криптоактиві бұғатталды

Қазақстанда футбол қақпаларына қойылатын қауіпсіздік талаптары күшейтілді