Желіде Алматы Төтенше жағдайлар департаменті өкілдерінің құттықтау челленджі пайда болды

Сурет: Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаменті
Алматыдағы Төтенше жағдайлар департаментінде 200-ге жуық әйел жұмыс істейді. 8 наурыз мерекесіне орай олар қызмет етіп қана қоймай, сонымен бірге өнерлі екендерін де көрсетуді жөн көрді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Алматының Төтенше жағдайлар департаменті барша қазақстандық әйелдерді 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күнімен құттықтады.

Бір қолымен бесікті тербетсе, екінші қолымен әлемді тербеткен аруларымыз үйдің ғана емес, түздің де жұмысын абыроймен атқарып жүргені – шындық. Сұлулық пен нәзіктік, батырлық пен қайсарлық секілді асыл қасиеттерді бір бойына сыйдырып алған ТЖД-нің қыз-келіншектері халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтайды! Сіздер барда ер азаматтардың еңсесі ешқашан түскен емес. Өмірдің мәні де сәні де сіздерсіздер! Сондықтан денсаулық, отбасы махаббатын тілейміз! Әр таңдарыңыз шуақты, бай-қуатты болыңыздар! – деп жазды Алматы төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.

Видеода Төтенше жағдайлар департаментінің әйел қызметкерлері флешмоб биледі.

Қазақстан
Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

Қырғызстандық продюсер: қазақстандықтар Канье Уэстті "тартып алды" - енді Шакираның концерті де күмәнді

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Астана, Алматы және Шымкенттегі валюта бағамы – 10 қыркүйек