Нашар интернет үшін қазақстандық операторлардың айыппұлын көбейтеді

Сурет: Zakon.kz
Мәжіліс депутаттары ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне байланыс мәселелері бойынша түзетулерді бірінші оқылымда мақұлдады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Мәжілістің Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің мүшесі Жанна Телпекбаеваның айтуынша, пандемия және халықтың қашықтан жұмыс істеуге көшуі кезінде байланыс қызметтері сапасының маңызы арта түсті. Ол тұрғындардан интернеттің сапасына қатысты шағымдар көп келетінін айтты.

Мысалы, ӘҚБтК-нің 637-бабына сай ірі кәсіпкерлік субъектілеріне сапасыз қызмет көрсеткені үшін 100 АЕК, ал бір жыл ішінде қайталап жасалған құқық бұзушылық үшін 200 АЕК көлемінде айыппұл салынады.

Бұл ретте ірі кәсіпкерлік субъектісі бұзушылық фактісін мойындаған кезде 50%, яғни 50 немесе 100 АЕК көлемінде айыппұл төлеуге құқылы. Ал көбінесе операторларға қосымша жабдықты орнатудан гөрі жарты айыппұлды төлеу ыңғайлы. Сайып келгенде байланыстағы барлық қолайсыздықтар оператор алдындағы міндеттемелерін тұрақты түрде орындайтын абоненттерге әсер етеді, яғни олар тарифті толығымен төлейді.Жанна Телпекбаева

Депутат заң жобасының техникалық параметрлерге сәйкес келмейтін байланыс қызметтерін көрсету және интернетке қолжетімділік үшін операторлардың жауапкершілігін күшейтетінін баса айтты.

Көрсетілген құқық бұзушылық үшін 1000 АЕК-ке (3 063 000 теңге) және бір жыл ішінде қайталап жасалған бұзушылық үшін 1 500 АЕК-ке (4 594 500 теңге) дейін ұсынылатын әкімшілік айыппұлды ұлғайту азаматтардың жоғары сапалы байланыс пен интернетті алу құқығын қорғап, қызмет көрсету сапасы және операторлар арасында бәсекелестік үшін қосымша жағдайлар жасайды.Жанна Телпекбаева
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін