Түркістан облысында көне арба табылды

Сурет: ҚР премьер-министрінің баспасөз қызметі
Түркістан облысында өзеннен көне арба табылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

24.kz сайты таратқан ақпаратқа сәйкес, арба шамамен 100 жыл бұрын қолданылған. Көненің көзіндей болған жәдігер Шұбар ауылының маңынан табылған.

Оны жергілікті тұрғын байқап, тарихи жәдігер екенін бірден түсініпті. Экспонат табылған жерге мұражай қызметкерлері барып, оны қалпына келтіру жұмысын қолға алды.

Мұражай қызметкерлері ғасырға жуық уақыт өтсе де, арбаның жақсы сақталғанын айтып отыр. Арбаның екі дөңгелегі ғана жоғалған, ағашы мен металы бүлінбеген. Қалпына келтірілгеннен кейін ол көпшілік назарына ұсынылады.

Қазір трактордың, машинаның заманы, бірақ 19-20 ғасырларда колхоз жұмыстарында арбалар пайдаланылды: бидай, шөп, адам тасыды. Мұндайды бірінші рет тауып отырмыз. Көбінесе керамика мен мыс монеталар табылатын.Мұражай меңгерушісі Ерік Әшірбердиев
Қазақстан
Түркістан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз