Ақтөбе әуежайы түнгі уақытта ғана уақытша жұмыс істеп тұр

Сурет: aeroport.kz
Ақтөбе әуежайында әуеайлақ тас төсемелерін ішінара жаңалау және жасанды ұшу-қону жолағының жекелеген учаскелерінде жоспарға сай жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ұшақтарды қабылдау және ұшыру күндізгі уақытта жүргізілмейді. Барлық рейстер кешкі сағат 18:00-ден кейін, түнгі уақытта жүзеге асырылады. Ақауларды жойғаннан кейін Қазақстанның авиациялық әкімшілігінің сарапшылары ұшу-қону жолағына қайта тексеру жүргізіп, оны одан әрі пайдалану-пайдаланбауына қатысты шешім қабылдайды. Жұмыстар жүргізіліп жатыр. 17 наурызға дейін барлық жұмыстарды тәмамдауға уақыт бар. "Әуежай жабылғалы жатыр" деп айтуға әлі ерте. Жасалған ескертулер бар, солар бойынша жұмыстар атқарылып жатыр. Ақтөбе облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

9 наурызда әуежайда ұшу-қону жолағы тексерілді. Оның барысында ұшу-қону жолағынан ақаулар, әуеайлақ тас төсемелерінің жылжи бастағаны, сынықтары анықталды. Қазақстанның авиациялық әкімшілігі Ақтөбе әуеайлағының ұшу-қону жолағын пайдалануды 17 наурызға дейін анықталған ақаулар жойылғанша тоқтата тұру туралы шешім қабылдады.

Ақтөбе

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

Қырғызстандық продюсер: қазақстандықтар Канье Уэстті "тартып алды" - енді Шакираның концерті де күмәнді

Алматыда аптап ыстық, Астанада күн күрт суытады: 11–13 қыркүйекке арналған жаңартылған болжам

Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдердің Ішкі істер министрлерімен кездесті

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді